Ретроспективтік талдау

І. Кіріспе

Вирусты гепатит А

ІІ. Негізгі бөлім

Этиологиясы

Эпидемиологиясы

Патогенезі

Диагностикасы

Асқынуы

Емі

Алдын алуы

III.Өзіндік зерттеулер

1. 2010- 2016ж.аралығындағы Ақтөбе облысы бойынша Гепатит А ауруы сырқаттанушылығының көп жылдық динамикасына ретроспективтік эпид.талдау жүргізу

2. Вирусты гепатит А ауруының жылдық динамикасы бойынша ретроспективті эпид.талдау жасау.

Қорытынды

Ұсыныс

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Вирусты гепатит А

Ретроспективтік талдау - №1 - открытая онлайн библиотека

Дүние жүзінде кең тарағана инфекциялардың бірі. Бірақ та тарауы да әр жерде біркелкі емес. Сырқат көбінесе балалар арасында тарайды. Ересектер арасында көбінесес 15-29 жастағылар ауырады. ВГА-ға маусымдық тән. Көбінесе ауру – сырқаттың деңгейі күз – қыс кезінде жоғарылайды. Мектептегі балалар арасында көбінесе қыркүйек – қазан, 3-6 жастағы балаларда қараша – желтоқсан айларында, ал 3 жасқа дейінгі балалар арасында жыл басы бірен – саран оқиғалар түрінде кездеседі. ВГА жедел циклдық түрде өтетін қысқа уақытта интоксикациямен бауыр әркеттерінің бұзылу әркетімен байқалатын фекальді – оральді жолмен тарайтын вирусты инфекция. Балалар инфекциясы болып есептелінеді, ауырғандардың ішінде балалар 80%-ға жетеді. Семей аймағында сырқаттану көрсеткіші 100 мың халыққа 200-400 аралығында.

Этиологиясы

Вирус А 1975 жылы ағылшын ғалымы С.Фейнстоунмен ашылған. Ұсақ, құрамында РНК-сы бар пекарный вирус тұқымдасына жатады. Сыртқы ортаға төзімді. Нәжісте 1 ай, суда 3-10 айға дейін сақталып, 100С температурада қайнатқанда 5 минут ішінде өледі. хлораминның 1г/л ерітіндісі үй температурасында вирус 15 минуттан кейін ғана ыдырайды.

Эпидемиологиясы

Таралуы өте кең типті инфекциялық ауру. Инфекция көзі болып, әр түрлі клиникалық түрімен ауыратындар табылады. Ауырған адамдардан вирус сыртқы ортаға нәжіспен бөлінеді. Инкубациялық кезеңнің аяғынан бастап сырқаттың басталуына 7-10 күн қалғанда. Вирус сарғаю кезеңінің алғашқы күндерінде 1 аптаға дейін нәжіспен сыртқа бөлінеді. Берілу механизмі 95% жағдайда фекальді – оральді.

Тарау жолдары

Тұрмыстық қатынас, алиментарлық, су арқылы, 5% жағдайда парентеральді, жыныстық жол арқылы тарауы мүмкін. Ана сүтінде вирус табылмаған. Жалпы планцентадан өте алмайды.

Патогенезі

ВГА-ң вирусы ас қорыту жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді. Көбеюі ащы ішектің эпителийлерінде жасушаларымен мезинтеральді лимфа түйіндерінде өтеді. Одан әрі вирус қанға түсіп, гепатоциттерге жетіп, көбейіп, инкубациялық кезеңнің аяғында вирус қайтадан қанға түседі. Қайта гепатоцитттерге енеді, жасуша ішінің метаболитикалық процестердің бұзылуына әкеліп соқтырады. Лизосомальде мембрананың өтімділігі себебінен белсенді гидролазалар сыртқа шығып, жасушаны аутолизге ұшыратып, гепатоциттердің цитолизіне және некробиозына себепкер болады. Зат алмасу процестері бұзылып, иммунологиялық процестер (өзгерістер) пайда болады. Қабынудың салдарынан цитолитикалық, мезенхимальдық қабыну холистатикалық синдром пайда болады.

Клиникасы төмендегі кезеңдерге бөлінеді:

1. инкубациялық;

2. сарғаю алдындағы;

3. сарғаю;

4. реконволистенция (жазылу).

Инкубациялық кезеңі 7-50 күнге дейін созылады. Орташа ұзақтығы 35 күн. Сарғаю алдындағы кезең белгілер жинағы былай реттелінеді.

1. гриб тәріздес немесе катаральді (көбінесе ВГА-ға тән);

2. диспепсиялық;

3. астеновегетативті;

4. артралгиялық;

5. аралас.

Сарғаю алдындағы кезең 2-3 күннен 2-3 аптаға дейін созылуға тиіс. Орташа 5-7 күн. Сырқат жедел басталады, температурасы 38-390С, әлсіздік, енжарлық, ұйқысыздық, бас айналу, тәбетінінң төмендеуі, 2-3 күні жүрек айну, құсу, кейде эпигастрий аймағында ауырсыну, жайсыздықты сезінеді. Сарғаю пайда болғаннан 2-3 күн бұрын зәрдің қою түске айналуы байқалады. Содан кейін ғана склералар сарғайып, көзге түсетін сарғаю кезеңі басталады. Сарғаю пайда бола салысымен интоксикация белгілері жойылады немесе олардың интенсивтілігі азаяды. Тері қабатының және склераның сарғаюының жылдам арада жоғарыдайды. Бірақ та интенсивтілігі шамалы мөлшерде болады. Сарғаю кезеңнің аяғында немесе басында бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы байқалады. Зәрі одан сайын қоңырланып, нәжісі бозғылт түсті болады. Ұзақтығы 2-4 аптаға созылады.

Диагностикасы

1. вирусологиялық;

2. серологиялық. Иммуноглобулин М тобына жататын антиденелер процесінің жедел екенін көрсетеді. Бұл антиденелерді ИФА әдісімен анықтайды.

3. биохимиялық реакциялар. Одар бауырдың функциясының жағдайын көрсетеді. Оларға АСТ, АЛТ ферменттерінің белсенділігі зақымдануынан 2-3 аптадаған кейін және сарғаю пайда болған кезде ең жоғарғы көрсеткішке жетеді.

4. Қанның жалпы анализі. Лейкоппения, лимфацитоз, ЭТМ-ң жоғарылау байқалады.

Асқынулары

Өте сирек жағдайларда өт жолдарында холециститтер, холангиттер, дискенезиялар, сонымен қатар екіншілік инфекцияның дамуы (пневмония, т.б.) мүмкін. ВГА-да жедел бауыр энцефалопатия өте сирек жағдайларда дамиды.

Емі

Ауырлығына байланысты жүргізіледі. Жеңіл түрлерінде үйде, егер эпидемиологиялық қауіптілігі болмаса. Орташа ауыр және ауыр түрлерінде ауруханада емделуі тиіс. Емі комплекті түрде:

1. режим;

2. диета №5;

3. патогенетикалық ем (дезинтоксикация);

4. клиникалық белгілеріне байланысты ем.

· Антибиотиктердің гепатитке еш пайдасы жоқ. Оның үстіне кейбір дәрілер бауырға одан сайын зиян келтіреді. Дәрілерді пайдаланбаңыз.

· Науқас демалып, көп сұйық ішуі керек. Егер тамақ ішкісі келмесе, оған апельсин, папайя және басқа жемістердің шырындарын беріңіз, бұған қоса сорпа немесе көкөністер организмді витаминдермен байытады.

· Науқас тамақ іше бастаған кезде тамақтың түр-түрін теңдестіріп беріңіз. Құрамында протеин аздау көкөністі және жеміс-жидекті көбірек қабылдағаны дұрыс. Құрамында протеині мол тағамдарды (ет, жұмыртқа, балық т. б.) көп бермеуді кеңес етеміз, өйткені бұл бауырға салмақ түсіруі мүмкін. Ауырғаннан кейін кем дегенде 6 ай бойы ішімдік ішпеңіз.

Алдын алуы

Жергілікті санитарлық – гигиеналық жағдайларды жақсартуға бағытталған шаралар жүргізілуі керек. Ең тиімді әдіс вакцинация. Келесі биопрепараттар қолданылады:

1. тірі аттенурленген (Қытайда сертифицирленген);

2. инактивирленген виросомды вакцина (Швейцарияды сертифицирленген).

Вакцинация тиімді әсер береді. 1 рет бұлшық етке салған кезде 90-100% тиімділікті көрсетеді, ал 6-12 айдан кейін қайталап салынған вакцина ұзақ уақыт 100%-ға дейін тиімді болып саналады. Орташа 10 жылға тиімді.

.

Ретроспективтік талдау - №2 - открытая онлайн библиотека

Ретроспективтік талдау - №3 - открытая онлайн библиотека

Ретроспективтік талдау - №4 - открытая онлайн библиотека

Ретроспективтік талдау - №5 - открытая онлайн библиотека Ретроспективтік талдау - №6 - открытая онлайн библиотека Ретроспективтік талдау - №7 - открытая онлайн библиотека Ретроспективтік талдау - №8 - открытая онлайн библиотека Ретроспективтік талдау - №9 - открытая онлайн библиотека Ретроспективтік талдау - №10 - открытая онлайн библиотека Ретроспективтік талдау - №11 - открытая онлайн библиотека Ретроспективтік талдау - №12 - открытая онлайн библиотека Ретроспективтік талдау - №13 - открытая онлайн библиотека

Ретроспективтік талдау

Ретроспективтік талдау- эпидемияға қарсы шараларды алдағы жылға және болашаққа жоспарлау үшін керекті мәліметтерді алу мақсатында жүргізілетін диагностикалық (статистикалық және логикалық) тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Ретроспективтік талдау жүргізу маңызды.

Ретроспективтік талдаудың мақсаты- эпидемияға қарсы шараларды келесі жылға және одан әрі қарай жоспарлау үшін барлық қажетті мәліметтерді алу.

Талдаудың міндеттері- инфекцияның әр нозологиялық түрі үшін «қауіп- қатер уақытын», «қауіп- қатер аймағын», «қауіп- қатер топтарын», «қауіп- қатер факторларын» анықтау; талданатын нозоформаның халыққа эпидемиолоигялық, әлеуметтік, экономикалық маңызын анықтау; алдағы жылдарға эпидемиялық жағдайға болжау жасау.

Ретроспективтік талдаудың семиотикасы- бұл көп жылдық және жылдық динамикада эпидемия барысының кеңістігі (яғни, әртүрлі аймақтарда және әр түрлі халық топтарында) көріністері.

Ретроспективтік талдауды жүргізу кезеңдері мынадай:

1. Зерттеудің бағдарламасын құру. Бұл кезеңде зерттеудің бағдарламасын құрады. Зерттеу бірілігі анықталады, тіркеуге жататын қосымша белгілердің тізімі жасалады, алғашқы статистикалық құжаттың нұсқасы мен кестелер құрастырылады. Зерттеудің бағдарламасы әртүрлі жағдайларға тәуелді. Оның ішінде маңыздылары:

-қызмет ететін континтгенттің өзгешелігі;

-әртүрлі халық топтарындағы сырқаттанушылықты анықтайтын «қауіп- қатер фактролары» білудің бастапқы деңгейі;

-қажетті ақпараттарды алудың мүмкіндігі;

Зерттеу бағдарламасы жасалғаннан кейін зерттеу жоспары құрылады,Жоспарды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады, оларға мыналар жатады:

-зерттеу жүргізілетін орынды және аймақты анықтау;

-жүргізу мерзімдері анықтау;

-статистикалық тәсілді және бақылау түрін анықтау ;

-зерттеудің қандай күштер арқылы жүргізілетінін анықтау;

2. Ақпаратты жинау және алғашқы өңдеу.Бұл есепте талдау ақпараттық қамтамасыз етілуі керек. Оған жататындар:

-қызмет көрсетілетін халықтың сырқатттанушылығы туралы ақпаратты алу;

-Демографиялық мәліметтер мен әр түрлі контингенттердің тұрмысы мен еңбегінің эпидемиялық маңызды жағдайлары жайында ақпарат алу;

-алғашқы статитикалық өңдеу,яғни, ақпарат толық болуы және дұрыстығын тексеру, алғашқы мәлімет және оны топтастыру.

3. Ақпараттарды сәйкес бағыттары бойынша зерттеу.Талдауды толық көлемде жүргізген кезде әр инфекция бойынша материалды тізбектеп өңдеу 4 бағытта жүргізіледі:

-жиынтық халық сырқаттанушылығы көп жылдық динамикасын талдау;

- жиынтық адам сырқаттанушылығы жылдық динамикасын талдау;

-эпидемиологиялық белгілері бойынша бөлінген халық топтарының сырқаттанушылығын талдау ;

-індетке қарсы шаралардың сапасын және тиімділігін талдау.

4. Эпидемиологиялық диагнозды қою. Бұл кезең жеке инфекциямен сырқаттанушылыққа ретроспективтік талдау жүргізген кезде ақырғы кезең сарапталады,ал эпидемиологтың диагноз қою жұмысының нәтижелері эпидемиологиялық диагноз түрінде дайындалады.

Сырқаттанушылықтың көп жылдық динамикасын талдау тәсілі:

1. Кесте мен график құру;

2. Көп жылдықтың даму бағытын бағалау;

3.Циклділігін бағалау;

4.Келер жылғы сырқаттанушылықты болжау;

5.Есеп беретін жылдағы сырқаттанушылық көрсеткішін бағалау .

2010- 2016 ж.арлығындағы Ақтөбе облысы бойынша Гепатит А-мен ауырған адамдардың аурушаңдық көрсеткіші

Жылдар Халық саны Сырқаттанушылық абсолют «А» саны 100.000 халыққа шаққан сырқат саны
197,15
184,95
213,39
166,95
165,71
258,63
218,57

Интенсивті көрсеткішті есептеу формуласы.

Iфакт= A x 100.000/ N

N- Халық саны

I2010= 688 × 100.000 / 348956= 197.15

I2011=668 × 100.000 / 361174= 184.95

I2012=784 × 100.000 / 367391= 213.39

I2013=620 × 100.000 / 371357= 166.95

I2014=626 × 100.000 / 377752= 165.71

I2015=1003 × 100.000 / 387807= 258.63

I2016=869 × 100.000 / 397572= 218.5

Есептеуден кейін нәтижелер бойынша график құрастырамыз. Арифметикалық шкала бойынша графиктерді құрғанда, оның көрнектілігін жақсартып және субъектілігін азайту үшін «тең қималар» қағидасын ескеру қажет

Сырқаттанушылықтың көп жылдық динамикасы бағалау Ең кіші квадраттар тәсілінің формуласын қолдана отырып, қисықты түзеткенде болады:

Ітеор = Iорт + В ∙ Х
мұндағы:
Ітеор
әр зерттелетін кезеңдегі (жыл) сырқаттылықтың теориялық деңгейі;
Iортзерттелетін кезеңдегі сырқаттылықтың орташа арифметикалық деңгейі;
В –аралас жылдардағы Ітеор. Арасындағы айырмашылықты көрсететін коэффициент;
Х –зерттелетін қатардың ортасынан оның екі соңына қарай қойылатын нақты сандар.

Мұндағы, Іорт = ∑Іфакт/ n

В = ∑Іфакт ∙Х / ∑Х2

Сырқаттанушылықтың теориялық деңгейін және оның келер жылдағы болжамдық шекарасын есептеуге арналған матрица

Жылдар Iфакт Х Iфакт × Х Х2 Iтеор= Iopт+В× х Iфакт – Iтеор
197,15 -3 -591,45 183,21 13,94
184,95 -2 -369,9 189,06 -4,11
  213.39 -1 -213.39 194.91 18.48
  166.93 200.76 -33.81
165.71 165.71 200.61 -40.9
  258.63 517.26 212.46 46.17
655.71 218.31 0.26
n=7 ∑Iф= 1405.35   ∑Iф× Х=163.94 ∑x2=28    

I орт = ∑ IФ / 7 = 1405,3517= 200,76

В= ∑ IФ × Х / ∑x2 = 163,94 / 28= 5,85

IТЕОР2010 = 200, 76 + (5, 85× (-3) ) = 183,21

IТЕОР2011 = 200, 76 + (5, 85× (-2)) = 189, 06

IТЕОР2012 = 200, 76 + (5, 85× (-1)) = 194, 91

IТЕОР2013 = 200, 76 + (5, 85× 0) = 200, 76

IТЕОР2014 = 200, 76 + (5, 85× 1) = 206, 61

IТЕОР2015 = 200, 76 + (5, 85× 2) = 212, 46

IТЕОР2016 = 200, 76 + (5, 85× 3) = 218, 31

+=78.85/4=19.71

- =-78.82/3=-26.27

2017 жылға болжау

Келер жылдағы сырқаттанушылықтың орташа болжамдық деңгейін 2 – кестедегі есептеулерді одан әрі жалғастырғандаоңай табуға болады:

Ретроспективтік талдау - №14 - открытая онлайн библиотека болж = Iорт + B*x

Iболж=200,76+5,85×4=224,16

Imax болж=224,16+19,71=243,87

Imin болж=224,16-26,27=197,89

Қорытынды

Ретроспективтік талдауды жүргізу барысында Ақтөбе облысы бойынша 2010- 2016 ж.аралығындағы Вирусты гепатит А ауырған адамдардың аурушаңдықтың таралуы тіркелуі жалпы сырқаттанушылықтан деңгейі нақты мәліметтермен есепке алына отырып жүргізілді. Мәліметтерді талдау барысында ақпараттарды саралауды, сандық мәндерді графикке салуды, кесте құруды алдағы жылдарға болжамды анализ жасауды үйрендім. Ретроспективтік талдау негізінде Ақтөбе облысы бойынша 2010- 2016 ж. Аралығындағы Вирусты гепатит А ауырғандардың аурушаңдық деңгейі толқымалы сипаттағы болғандығы анықталды. Ал болжамдық анализ алдағы жылдарда вирусты гепатит А-мен ауыратындардың деңгейі орта сипатта болу мүмкіндігін корсетті(болжамдық мәні 224,16)

Ұсыныс

- Жергілікті санитарлық – гигиеналық жағдайларды жақсартуға бағытталған шаралар жүргізілуі керек

-Жас балалардың санитарлық-гигиеналық талаптарын қадағалау керек

-Ауыз судың сапасын қадағалау,лас су мен сапасы нашар тағамды пайдалану қауіптілігін насихаттау

- Тұрғындар арасында санитарлық ағарту шараларын ұйымдастыру, яғни дәрістер оқу, БАҚпайдалана отырып халықты қажетті мәліметтермен ақпараттандыру

Пайдаланылған әдебиеттер:

-В.Д.Тимаков, В.С.Левашев, Л.Б.Борисов «Микробиология»

-Вербина Н. М., Каптерёва Ю. В. «Микробиология»

-А.Қ. Дүйсенова «Жұқпалы аурулар»

РКМҚ «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті»